Ұлытау облысында бұзылып қалған автобустың жолаушылары құтқарылды

Қаражал қаласынан 20 шақырым жерде 50 жолаушыны тасымалдап келе жатқан автобус ақауға ұшырап, қатты боран салдарынан жолда қалып қойған.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Автобусты жөндеу жұмыстарын ЖШС қызметкерлері жүргізді. Сонымен қатар басқа ЖШС-нің арнайы техникасы жолды қардан тазартты.

ТЖМ қызметкерлері жолаушылары бар автобусты Қаражал қаласындағы №7 мектепке дейін сүйемелдеді, онда олар суықтан қорғалды.

Автобус жүргізушісі қолының саусақтарын үсітіп алғандықтан, оған медициналық көмек көрсетілді және ол ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның бір тоқсандағы мемлекеттік қарызы 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті