Ұлытау облысында апатты жағдай туғызған 8 жас жүргізуші жауапқа тартылды
Ішкі істер министрлігі Ұлытау облысында құқықбұзушылық жасаған 8 жүргізуші анықталып, заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
Астана, NEGE. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жастар бейнебақылау камералары арқылы қала көшелеріне мониторинг жүргізу барысында анықталған.
«Олар жол ережесін бұзып, басқа жүргізушілерге қауіп төндіріп, авариялық жағдай туғызған», – делінген полиция хабарламасында.
Әрбір дерек бойынша заң аясында тиісті шара қолданылды.
Тәртіп сақшылары жас жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.