Ұлытау облысында адасып кеткен ер адам аман-есен табылды

Ұлытау облысында полиция адасып кеткен екі азаматты аман-есен тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Ұлытау ауданында екі күнге созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері далада адасып кеткен екі азаматты аман-есен тапты.

19 тамызда Ұлытау аудандық полиция бөліміне екі азаматтың көліктері сынып, байланыссыз қалғаны туралы хабар түскен. Туыстары көмек сұраған соң бірден жедел іздестіру іс-шаралары басталды. Іздестіру тобына жергілікті жер жағдайын жақсы білетін тәжірибелі қызметкерлер тартылды. Олардың қатарында полиция капитаны Нұрсұлтан Байболовтың басшылығымен майор Темірлан Үмбет, капитан Нұрбол Ақбергенов, аға лейтенант Серік Медет және сержанттар Барысхан Қылыбекұлы мен Айдын Сейтжаппар болды. Екі күн бойы жүргізілген іздестіру нәтижесінде жоғалғандар табылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Қазір олар туыстарына аман-есен табысталды.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді