Ұлытау облысында 90 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ұлытау ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ауданның жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.

Қадағалау актілері бойынша жол берілген бұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 147 млн теңгеден асатын жалпы ауданы 90 000 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жергілікті атқарушы орган Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын шын ниеті бар тұрғындарға қайтарылған жерлерді пайдалануға береді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты