Ұлытау облысында 172 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Ұлытау облысында 172 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы Жер ресурстарын басқару комитеті 2024 жылы Ұлытау облысы бойынша жалпы ауданы 170 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлаған болатын.

Жерді қайтару жоспары орындалды: жалпы ауданы 172 мың 526 га учаскелер, оның ішінде егістік – 92 032 га, жайылым – 78 766 га, өзге жерлер -1 728 га.

Бұдан басқа, биыл Ұлытау облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері облыс аумағында жер қатынастары саласында жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

Олардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 136, 338-баптарына сәйкес айыппұлдар салынып, мемлекет кірісіне 6,1 млн.теңге өндіріп алынды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?