Ұлытау облысы сот алқасының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

Ұлытау облысы сот алқасының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды. Болжам бойынша, ол үшінші тұлға арқылы ірі соманы қолды қылған, деп хабарлайды Kazinform.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жезқазғанда Ұлытау облысы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Шайқамалов ұсталды.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, судья адвокат арқылы үлкен сомада пара алған. Ұстау кезінде ақшаның бір бөлігі тәркіленді.

Жемқорды құрықтау операциясын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің қызметкерлері Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірлесіп жүргізді.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды