6 февраля 2026 г. 16:02

Ұлынан айырылған әке емге жиналған 96 млн теңгені науқас балаларға бөліп берді

Фото: instagram/altayr_help

Ауыр дертпен күресіп келген петропавлдық тоғыз жасар Әлтайыр Еркебұлан биыл қаңтардың аяғында көз жұмған. Ұлынан айырылып қалған ата-анасы емге жиналған қаржыны басқа балаларға бөліп беруді ұйғарыпты.

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Әлтайырдың әкесі хабарлады.

«Менің есімім Данияр. Әлтайырдың әкесі боламын. Ұлымыздан айырылып қалғанымызға жеті күн болды. Әлтайырдың емінен қалған 96 млн теңге қаражат бар еді. Соны емге қаржы жинап жатқан балаларға бөліп бердік. Қазір олар ем қабылдап жатыр», – дейді Әлтайырдың әкесі желіде жариялаған видеоүндеуінде.

Оның айтуынша, Аяна Нұртаева есімді қызға 45 млн теңге, Алмас Түсіпбек есімді ұл балаға 25 млн теңге аударған, қалғанын Дарья есімді қызға берген.

Сондай-ақ Данияр ұлының еміне көмектесіп, қолдау білдірген қайырымды жандарға алғысын білдірді.