Ұлықтау рәсіміне қосымша қаражат бөліне ме?
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев президентті ұлықтау рәсіміне қосымша қаржы бөлінбейтінін айтты.
Алматы, NEGE. Бұл туралы ол үкімет отырысында журналистерге айтты.
«Президенттің инаугурациясына бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді», - деді Ерұлан Жамаубаев.
22 қарашада ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров 20 қарашада өткен Қазақстан президенті сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті.
Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.