4 октября 2022 г. 15:00

Ұлықпан Жолдасовтың құйрығына қол жүгірткен Қайрат Әділгерей жұрттың күлкісіне қалды (видео)

Фото:

Әлеуметтік желіде әзілкештің ерсі қылығы түсірілген бейнежазба тарады.

Алматы, NEGE. Бейнетаспада Ұлықпан Жолдасов ән айтып тұрған шақта қасында тұрған Қайрат Әділгерейдің құйрығын сипағанын көруге болады. Әріптесінен мұндайды күтпеген Жолдасов бірден тосылып, оған жалт қарайды. «Қайрат Әділгерейдің мына қылығы бір қарағанда зиянсыз болып көрінгенімен, бұл – еркек бойында жаман қасиеттің барын айшықтайды», – деп жазды аталмыш көріністі ФБ-ға жүктеген Тортуыл Шоқан есімді автор.

«Әйел адаммен ойнаса жарайды. Мынасы несі?!», «Қызтекелік белгілер бар осы жігітте», «Сұмдық екен. Ел алдындағы азаматтар арасында даналар мен нақұрыстар қатар жүр», «Ұят-ай! Қай қазақ көтен сипап ойнаушы еді?! Осылар күлдірем деп, бүлдіріп жүреді» деп жазды бейнежазбаны көрген көпшілік.

Тегтер: