Ұлыбританияда карантин режимін бұзғандар 10 мың фунт айыппұл төлейді
Алдымен ережеге бағынбағандарға ескерту жасалып, бір мың фунт айыппұл салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Ал заңды екінші рет бұзғандарға айып еселене түседі. Ұлыбритания дәрігерлерінің айуынша, қазір аймақ халқының тек 20 проценті ғана оқшауланған немесе карантинде. Қалғандары бұл талапқа бағынбайды. Енді алдағы уақытта елдің толық карантинге жабылмауы үшін жергілікті билік ірі көлемде айыппұл салу мәселесін қарастыруда. Алайда бұл жаңалық жергілікті халықтың наразылығын тудырды. Осыған орай таяуда Лондон тұрғындары ереуіл ұйымдастырды. Жиналғандардың айтуынша, шектеу шаралары азаматтардың құқығын бұзып отыр. Наразылық акция тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Салдарынан 30-дан астам адам қамауға алынды.