7 января 2023 г. 12:17
Ұлыбританияда ереуілдердің жаңа толқыны басталды
Осы айда автобус жүргізушілері, мұғалімдер, медбикелер және мемлекеттік қызметкерлер бас көтеріп жатыр, деп хабарлады 24.kz.
Алматы, NEGE. Теміржолшылар бесінші күн қатарынан жұмысқа шықпай, 80 мыңға жуық пойыз тоқтап қалды. Биліктегілер олардың талаптарын орындауға асығар емес. Керісінше, ереуілге шығуға тыйым салатын жаңа заң әзірлемек.
Апта басынан бері теміржол, теңіз және көлік кәсіподағына мүше 40 мыңға жуық қызметкер наразылықтарын білдіріп жатыр. Олар жалақыларын өсіруді және жұмыстан қысқартпауды талап етуде. Ереуілшілердің қатарына электровоз машинистері мен өрт сөндіру көліктерінің жүргізушілері қосылды. Тараптардың тіл табысуы қиынға соғып жатыр.