Ұлыбританияда Орталық Азия туралы құпия есептер сатылып жатыр

Британдық антиквариат дүкені Peter Harrington үкіметтік есептер жинағын 3 000 фунт стерлингке сатуға қойды.

peterharrington.co.uk

Бұл құжаттарда британ дипломаттары мен бақылаушыларының 1950 жылдардың соңы мен 1960 жылдары Кеңестік Орта Азияға жасаған сапарлары баяндалады.

Лот сипаттамасында «құжаттардың көпшілігінде “қызметтік пайдалану үшін” немесе “құпия” деген белгі бар» деп көрсетілген.

Есептерде британ тарапы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына баға беріп, сондай-ақ Кеңес Одағының суық соғыс кезеңінің басында социализмнің идеологиялық артықшылығын дәлелдеуге тырысқан әрекеттерін талдайды.

Дипломаттар сапар барысында байқағандарын,  алған әсерлерін және жергілікті тұрғындармен болған әңгімелерін сипаттаған.

Жинақ он есептен тұрады, жалпы көлемі 120 бет. Сатушының айтуынша, құжаттар жақсы сақталған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр