Ұлыбритания су тасқынынан сақтана алмады

Уэльсте толассыз жауған жаңбыр салдарынан жойқын су тасқыны болып, алты адам қаза тапқан.

Алматы, NEGE.  Уэльсте 600 адам үйін тастап кетуге мәжбүр. Бір мыңнан астам үй дауыл мен су тасқынынан қатты зақымданды. 

Бұл ел тарихындағы ірі су тасқыны. Алайда сәрсенбі күні кешке қарай Уэльстің солтүстік және оңтүстік аудандарында қатты нөсер жаууы мүмкін. Одан келетін қауіп те жоғары. Бүгін таңертең британ метеорологтары Англия мен Уэльстегі су тасқыны туралы ескертті.

Вустершир және Глостершир графтарындағы бірнеше қаланың тұрғындарына дүйсенбі күні кешкісін эвакуация жөнінде кеңес берілді. Себебі, Северн өзені арнасынан тасуы мүмкін.

Осы аптада Англияның солтүстігінде де жаңбыр жауып, өзендер тасуы мүмкін деп күтілуде. Бұл туралы Ұлыбритания қоршаған ортаны қорғау басқармасы хабарлады.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді