Ұлыбритания шектеу шараларын күшейтпек

Лондонда коронавирусты шектеу шараларының үшінші кезеңі енгізілді.

Алматы, , NEGE. Лондонда коронавирусты шектеу шараларының үшінші кезеңі енгізілді. Қала мэрі Садик Хан бұл жолғы локдаун бизнеске ауыр соққы болатынын, бірақ адам шығынын азайтудың бірден бір жолы екенін жеткізді. Осылайша Британия астанасында жаңа жылға жарты ай қалғанда дәмханалар, мейрамханалар мен шарапханалар толық жабылып отыр. Олар клиенттеріне  тамақты тек жеткізіп бере алады. Сондай-ақ көпшілік іс-шаралардың өтуіне тыйым салынды. Қалалық саябақтарда тек 6 адамға дейін жиналуға болады. Оның өзінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Бұдан басқа азық- түлік сатпайтын дүкендер, сұлулық салондары мен спортзалдар жұмысын тоқтатпайды.

 Лондон мэрі Садик Хан: "Лондонда вирусты көп жұқтырып отырған топ 10-19 жас аралығындағы адамдар. Соңғы аптада індет осы топтың арасында 75 процентке ұлғайды. Бизнес өкілдерін түсінемін. Әр локдаун жариялаған сайын сіздер клиент жоғалтасыздар. Бірақ шектеулерді күшейтуге мәжбүрміз", - деді. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті