Ұлыбритания Қазақстанға санкция салуы мүмкін

Британ Парламентінің депутаты Маргарет Хейдждің айтуынша, Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғысқа байланысты Қазақстанға санкция салу мәселесін қарастырып жатыр.

Алматы, NEGE. «Мен бүгін Украинаға қатысты екі мәселе бойынша Ұлыбритания сыртқы істер министрлігін сұраққа алдым. Элизабет Трасс (Ұлыбританияның сыртқы істер министрі – ред.) Дума мүшелеріне және Путиннің жабайы басқыншылығын қолдауы мүмкін Қазақстан сияқты клептократтарға санкция салу мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқандарын айтты», – деп мәлімдеді Маргарет Хейдж.

 

Ресейдің Украин жеріне басып кіруіне қатысты Қазақстан әлі ресми ұстанымын мәлімдеген жоқ. Қазақстан президенті Қ.Тоқаев «біздің ұстаным еліміздің қауіпсіздігін, тәуелсіздігі мен аймақтық тұтастығын қорғау тұрғысында болады» деп мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды