Ұлыбритания Еуропа бойынша екінші орынға шықты

Ұлыбритания Еуропада коронавирустан қайтыс болған адам саны бойынша екінші орынға шықты. Бірінші орында Италия, - деп хабарлайды Хопкинс атындағы университеті.

Алматы, NEGE. Ұйым мәліметінше, Италияда коронавирустан 27 682 адам қайтыс болған. Ал Ұлыбританияда эпидемия басталғалы 26 097 адам көз жұмған. Үшінші орында Испания: 24 775 адам. Артынша Франция - 24 087 адам. 

Ал дүние жүзінде коронавирустан қайтыс болған адам саны бойынша бірінші орында АҚШ: 61 мыңға жуық адам. 1 миллионнан аса адам COVID-19 жұқтырған. Ел президенті Дональд Трамп штаттарды карантин режимін алуға әрекет етуге шақырған көрінеді. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 3273-ке жетті. COVID-19-дан жазылып шыққандардың саны 832-ге жетті. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?