Ұлыбритания королінің інісі Эпштейн ісі бойынша ұсталды

III Чарльз корольдің інісі Эндрю Маунтбаттен-Виндзор лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

wikimedia commons

Астана, NEGE. Темза алқабының полициясы Маунтбаттен-Виндзор Ұлыбританияның сауда өкілі болып тұрған кезде Эпштейнге құпия құжаттарды берген деген айыптауларды тексеріп жатыр, деп жазады Telegraph.

«Тергеу аясында біз бүгін Норфолктан 60 жастағы ер адамды қызметтік теріс қылық жасады деген күдікпен қамауға алдық және Беркшир мен Норфолкта тінту жүргізіп жатырмыз. Ер адам қазір қамауда», – делінген Темза алқабы полициясының мәлімдемесінде.

Бұған дейін Маунтбаттен-Виндзор Вирджиния Джуффреге сексуалдық зорлық жасады деп айыпталған. Сондай-ақ Эпштейн 20 жастағы қызды Маунтбаттен-Виндзормен жыныстық қатынасқа түсу үшін Ұлыбританияға жіберді деген болжам айтылады. Алайда бұрынғы ханзада бұл айыптауларды жоққа шығарған.

Айта кетейік, жақында король інісін барлық атағынан айырды.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр