Ұлыбритания Қазақстан мұнайын «Транснефть» арқылы тасымалдауға рұқсат берді

Ұлыбритания қазақстандық мұнайды тасымалдау үшін «Транснефть» компаниясына салынған санкцияларды уақытша тоқтатты.

pixabay.com

Астана, NEGE. Лондон «Транснефть» компаниясының қатысуымен операциялар жүргізуге рұқсат беретін арнайы лицензия берді. Алайда шарт бойынша тек Қазақстан мұнайы тасымалдануы тиіс.

Іс жүзінде мұны «санкциялық терезе» деуге болады: ресейлік компанияларға қарсы шектеулерге қарамастан, Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы тасымалдауға ресми түрде рұқсат етілді.

Енді Қазақстан мұнайын жеткізуге, тасымалдауға және сатып алуға рұқсат етіледі, сондай-ақ төлемдерді британ банктері арқылы жүргізуге де жол ашылды. Алайда мұнай Ресей бағыты арқылы өткенімен, ресейліктерге тиесілі болмауы керек.

Лицензия 2026 жылғы 19 наурыздан 2028 жылғы 18 наурызға дейін жарамды.

Бұл шара Қазақстан экспорты үшін өте маңызды, өйткені қазақстандық мұнайдың едәуір бөлігі дәл осы ресейлік бағыттармен тасымалданады. Сол арқылы санкцияға ілігу қаупі сейілді.

Қазір оқып жатыр

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша түрме жазасы көзделген

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды