«Ұлы Дала Жорығы» бәйгесінің үшінші кезеңі аяқталды

Шабандоздар 300 шақырымды артта қалдырды.

Алматы, NEGE. Әзірге көш басында Маңғыстау облысы келеді. Олар 3 кезеңді 27 сағат 19 минутта жүріп өткен. Ал екінші орында Шымкент қаласының құрамасы тұр. Бұл команда межені 27 сағат 40 минутта өтті. Үздік үштікті - 27 сағат 49 минут нәтижесін көрсеткен ақтөбелік шабандоздар түйіндеді. Сайыстың алғашқы күні жолға шыққан 19 команданың тек 13-і ғана қалды. Астана қаласы мен Алматы, Қарағанды Павлодар, Атырау, Ақмола облыстарының құрамалары жарысты жарты жолдан аяқтауға мәжбүр болды. Бүгін шабандоздар Ұлытау облысының аумағына кіреді.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ