24 января 2020 г. 12:20

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай мыңнан астам шара өтеді

Фото:

Еліміз қазақтың ұлы ақыны, философ Абай Құнанбаевтың мерейтойын кең көлемде атап өтуді жоспарлап отырғаны белгілі. Президенттің мақаласынан мәлім болғандай, Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде мыңнан астам астам іс-шара  ұйымдастырылады

Алматы, NEGE. Көкшетауда Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай өткізілетін іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға арналған брифинг ұйымдастырылды. Шарада аймақ басшысының орынбасары Айна Мысырəлімова ұлы ақынның мерейтойы кең көлемде аталып өтетінін мәлімдеді.

Ақмола облыстық мәдениет, архив және құжаттамалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Бекназарова өңірде мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланғанын айтты. Оның айтуынша, Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар шымылдығын Біржан сал ауданында «Абай даналығы сал-серілер мекенінде» атты әдеби-танымдық жобамен ашу жоспарланған. Сонымен қатар, қаңтар айының соңында облыс орталығында Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚАЗ ҰӨУ «Жастар» студенттік хорының, К.Күмісбеков атындағы ұлттық аспаптар оркестрі және орындаушыларының қатысуымен «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, брифингте айтылғандай, «Ұлы Абай - нар тұлға» ақындар айтысы, халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, ҚР Еңбек сіңген әртісі Кенжеғали Маржықпаевтың концерті, Абай көшесінің бойында Open air форматындағы фестиваль тәрізді бірқатар шаралар қарастырылған.

Тегтер: