Ұлан сарбаздары өртенген үйден үш баланы құтқарды

Долинка кентінде өртеніп жатқан тұрғын үйден үш баланы құтқарып қалған ерлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды POLISIA.KZ.

POLISIA.KZ

Алматы, NEGE. ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінің сарбаздары Асхат Байсейітов, Қыдырбай Ерлан, Вячеслав Қожахметов және Михаил Бубнов қызмет барысында өртенген ғимаратты байқап, бірден көмекке ұмтылған.

Әскери қызметшілер ішке кіріп, түтінге тұншыққан балаларды сыртқа алып шықты. Сонымен қатар, олар жарылыс қаупі бар 50 литрлік газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды.

- Өрт кезінде жағдайды жылдам бағалап, бір секундты да жоғалтпау керек екенін түсіндік. Біз үшін бұл батырлық емес - антқа адалдық, - деді ұлан сарбаздары.

Әскери қызметшілердің жылдам және батыл әрекеттері арқасында қайғылы оқиғаның алдын алынды.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді