ҰҚШҰ бітімгершілік күштерін Донбасқа жіберуді ұсынды

Украинаның шығысындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Донбасқа бітімгершілік күштерін аттандыру туралы ұсыныс жасады.

Алматы. NEGE. Бұл туралы осы ұйымның бас хатшысы Станислав Зась мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл үшін Киевтің келісімі мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рұқсаты қажет. Ұйым хатшысы қазір аймақтағы шиеленісті бейбіт жолмен бәсеңдету қажет екенін атап өтті.

Донбассқа халықаралық бітімгерлік контингентті орналастыру мәселесі бұған дейін де бірнеше мәрте көтерілген. Алайда тараптар шетелдік әскерилерді орналастыру бойынша ортақ шешімге келе алмады.

«Донбассқа бітімгерлік күштерді аттандыруға болады. Бірақ бұл үшін Украинаның келісімі қажет. Өйткені бұл сол елдің аумағы. Бұдан бөлек БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандаты керек және осы шешімді ұйымға мүше елдердің бәрі қолдауы тиіс», -  деді ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр