Украиналық топ «Евровидение» кубогін аукционда сатып жіберді

Жақында «Евровидение» ән байқауында жеңімпаз атанған украиндық "Калуш Оркестра" тобы ұтып алған бас жүлдесі - шыны микрофонды 900 мың долларға сатты, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы, NEGE.  Аукцион "Фейсбук" әлеуметтік желісінде ұйымдастырылған. Жүлдені криптовалютамен айналысатын биржалардың бірі сатып алды.

Сонымен қоса аукционға байқау кезінде топ қатысушыларының бірі киген қызғылт түсті бас киім де шығарылды. Ол 370 мың долларға кетті.

Түскен қаржы Украина әскері үшін дрондар сатып алуға жұмсалмақ.

 Айта кеткен жөн, биыл "Еуровидение" мамырдың басында Италияның Турин қаласында өткен. Украинадағы шиеленіс салдарынан Ресей қатысушылары байқаудан шеттетілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді