Украиналық боксшы Ресейді басқыншы ел деп атады

Украиналық боксшы Карен Чухаджян екінші жартылай орта салмақтағы WBA International титылды жекпе-жегінде ресейлік Сергей Воробьевті жегеннен кейін Ресейді «агрессор мемлекет» деп атады. Оның сөздерін Tribuna.com келтірген.

Алматы, NEGE. «Мен Ресейді агрессор ел деп санаймын. Бірақ бұл менің барлық Ресей халқын жек көретінімді білдірмейді. Мен тек өз отаныма күйе жаққысы келетіндерге қарсымын» деді ол

Жекпе-жек Калининград қаласында өтіп, Чухаджян төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. 23 жастағы боксшының еншісінде 16 жеңіс, бір жеңіліс бар.

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды