Украина-Қазақстан матчын қайдан көруге болады?

Бүгін Киевтегі «Олимпийский» стадионында футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украина мен Қазақстан құрамалары кездеседі.

Алматы, NEGE. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция елорда уақытымен 00:35-те басталады. Украина құрамасы бұған дейін ӘЧ-2022 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізіп, екеуінде де 1:1 есебімен тең түсті. Алдымен қонақта Франциямен ұпай бөліссе, төрт күннен кейін өз алаңында Финляндиямен тең тарқасты. Ал Қазақстан құрамасы 28 наурызда «Астана-Аренада» француздарға 0:2 есебімен есе жіберген. 

Украина мен Қазақстан құрамалары ресми 4 рет кездесіп, бәрінде де Украина жеңіске жеткен.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды