Украинаға қатысты саммит Францияда өтеді – Макрон

Франция президенті Эмманюэль Макрон Брюссельдегі ЕО саммитінің алғашқы күнінен кейін бірнеше ел басшыларының Украина төңірегіндегі жағдайды талқылау үшін 27 наурызда Парижде кездесетінін мәлімдеді. 

Oxu.Az

Алматы, NEGE. Келесі бейсенбіде біз Парижде Украинаға көмек көрсетуге ниетті елдер коалициясының саммитін өткіземіз, – деді Макрон. 

Bloomberg мәліметінше, Германия, Франция және Польша сияқты ЕО-ның жетекші елдері, сондай-ақ Канада мен Ұлыбритания (ЕО құрамына кірмейтін мемлекеттер) келесі аптада Парижде жаңа саммит өткізеді.

Бұл елдер 20 наурызда Брюссельде өткен саммитте басталған талқылауды жалғастырады.

Күн тәртібінде – АҚШ пен Ресей арасындағы Украина бойынша келіссөздерге ықпал ету мүмкіндіктері және, ең тиімді жағынан оларға қатысу жолдарын қарастыру мәселелері тұр.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ билігінің өкілдері Рубио мен Вальс Украинадағы атысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізу үшін Таяу Шығысқа баратынын жаздық.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды