Украинадан Қазақстанға үшінші рейс ұшып шықты

3 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 22:00-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға Украинадан ҚР азаматтары бар эвакуацияланған үшінші репатриациялық рейс ұшып шықты.

Алматы, NEGE. Ұшақ Нұр-Сұлтан қаласына қонады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Ұшақта 133 жолаушы, оның ішінде 2 бала және Қырғызстанның 2 азаматы бар.