4 августа 2022 г. 16:59

Украинадан Қазақстанға қанша үнді студенті ауысқаны белгісіз

Фото:

Қазақстанның медицина университеттері Украинадағы үнді студенттерін қабылдауға дайын екендігін мәлімдеген болатын. 

Үндістан үкіметі Украинаның медициналық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттерін Қазақстанға көшіру туралы өтініш жасаған.

Жаңа оқу жылы басталады, Украинада оқып жүрген үнді студенттері біздегі оқу орындарына қабылданып жатыр ма? Қанша студент ауысып келді?  Оларға бар жағдай жасалса, біздің студенттер жатақханасыз қалмай ма?

Nege.kz порталының тілшісі жолдаған осы сауалдарға ҚР Денсаулық сақатау министрі Ажар Ғиният жауап берді.   

 

Айтуынша, қазіргі таңда нақты қанша студенттің ауысып келгені белгісіз.

«Бұл жағдай бойынша Үндістан елінің өкілдері келіп, өздерінің студенттерінің оқуына байланысты біздің Үкіметтен көмек сұраған. Біз өзіміздің жағдайымызға байланысты 200-250 студентті қабылдауға әзір екендігімізді айтқанбыз. Оқу жылы енді басталайын деп жатыр. Қыркүйек айына дейін әрбір медициналық университетке өздерінің мүмкіндігіне қарай құжаттарын тапсырулары керек. Қазіргі таңда нақты қанша студент келгені белгісіз. Айта кету керек, шетелдік студенттер біздің елімізде тек ақылы бөлімде оқиды. Бұл студенттер де ақылы оқитын студенттердің қатарына жатады. Сонымен қатар әрбір университетте шетелден келетін студенттердің 1-2 курстарына жатақханадан орын беріледі. Сол елдің өкілдері өз студенттерін қамтамасыз ететін болады. Сондықтан олар біздің студенттеріміздің көлеміне, жататын орнына ешқандай кедергі болмайды», - деді Ажар Ғинаят.

Тегтер: