Украинадан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жалғасып жатыр
Польшаның Катовице қаласынан Қазақстан азаматтарын тасымалдайтын бесінші рейс ұшып шықты. Елорда уақыты бойынша сағат 8:50-де көкке көтерілген ұшақ Алматы қаласына келіп қонады деп жоспарланған. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар.
Алматы, NEGE. Осы уақытқа дейін 553 отандасымыз шығарылған. Оқ пен оттың ортасынан елге оралған тағы бір жерлесіміз елшілікке жүрекжарды алғыс айтты. Мұндай дүрбелең елімізде болмасын деген тілегін жеткізді.