Украинадан босып кеткен адам саны 7 миллионнан асты

Қарулы қақтығыс басталғалы 7 миллионнан астам украиналық шетелге босып кеткен.

Алматы, NEGE. Бұл мәліметті Біріккен ұлттар ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы таратты. Өз елінен бас сауғалап қашқандардың көбі Польшадан пана тапқан. Жалпы Еуропа елдерінде босқын мәртебесін шамамен 5 миллион адам алған. Олардың дені әйелдер мен балалар. Естеріңізге сала кетейік, Украина билігі 60 жасқа дейінгі азаматтарды елден шығармайды. Өйткені олар әскерге шақырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты