Украинадан бір тәулікте 6600 адам эвакуацияланды

Украинада қарулы қақтығыс өршіп тұрған өңірлерден гуманитарлық дәліз арқылы бір тәуліктің ішінде 6 623 адам құтқарылды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы осы елдің вице-министрі Ирина Верещук мәлім етті. Олардың көбі Мариуполь қаласы, Киев облысы, Бервица ауылы мен Буча қаласының тұрғындары. Оның 1172-сі бала. Ал Бородянка қаласында ұйымдастырылған эвакуация атыс-шабыстың кесірінен жүзеге аспай қалды. Бұдан бөлек Луганск облысына азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиелген гуманитарлық көмек жеткізілді. Айта кетейік, бұған дейін Ресей мен Украина тарапы 10 гуманитарлық  дәліз ашу туралы шешім қабылдаған болатын. Жалпы БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес Украинада қақтығыс басталғалы 6,5 млн адам ел ішінде қоныс аударса, 3 млн 300 мың босқын өзге елге бас сауғалап кетті. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді