Украинадағы жағдай әлемдік экономика өсімін төмендетеді

Украинадағы жағдай жаһан экономикасының өсімін биыл 1 процентке төмендетіп, инфляция деңгейін 2 жарым процентке арттыруы мүмкін.

Алматы, NEGE. Мұны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы хабарлап отыр. Аталған мекеме өкілдерінің айтуынша, қарулы қақтығыс кедей елдердің азық-түлік қауіпсіздігіне де айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Матиас Корманн, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бас хатшысы:

 Қаңтар-ақпан айларында бидай бағасы екі есе өсті. Бидай, жүгері мен тыңайтқыштарды жеткізу ісіндегі іркіліс көптеген елдер үшін әсіресе табысы төмен мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Бүгінде негізгі металдардың бағасы 40 процентке дейін қымбат. Бұл түрлі өндіріс салаларына әсер етуі мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді