Украинадағы соғыстың қашан аяқталатыны айтылды

Киевте Украинадағы қақтығыс аяқталуы мүмкін мерзім аталды.

Алматы, NEGE. Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович Ресей мен Украина арасындағы бітімгершілік келісімге бір-екі апта ішінде қолжеткізу мүмкін екенін мәлімдеді.

Журналист Марк Фейгиннің YouTube-арнасындағы эфирде Алексей Арестович мамыр - ресейлік және украин тараптары арасында келісім жасаудың соңғы мерзімі екенін айтты. Эфирді бірқатар украин БАҚ өкілдері жариялаған.

"Менің ойымша, мамырдың басынан кешікпей, мамырдың басында бітімгершілік келісімге қолжеткізуіміз мүмкін. Одан да ертерек болуы мүмкін. Көреміз, мен ең соңғы мерзімді аламын. Қазір немесе бір-екі аптаның ішінде әскерді шығарумен қатар, бітімгершілік келісім болады, қалғанының бәрі ... немесе жақын арада келісеміз - бір-екі апта немесе мамырдың аяғына дейін, кезекті соғыс әрекетінен кейін", - деді Арестович.

Бейбітшілік келісімнен кейін де шағын тактикалық қақтығыстар бір жылға созылуы мүмкін, деді Арестович, дегенмен Украина Ресей әскерін өз территориясынан толық шығаруды талап етіп отыр.

Бұл ретте Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәселеге қатысты пікір білдіре отырып, Ресейдің Украинадағы арнайы операциясының аяқталу мерзімдері жарияланбағанын айтты.

Сонымен қатар, Песков Ресей президенті Владимир Путиннің операция барысына көңілі тола ма деген нақтылау сұрағына жауап бермеді. Оның айтуынша, Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы жоспарға сай және мерзімінде және толық көлемде аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр