Украинадағы қазақстандықтар отырған алғашқы рейс Польшадан ұшып шықты

Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы қазақстандықтарды әкелу үшін бүгін, Алматы уақытымен сағат 09:53-те Атыраудан Польшаның Катовице қаласына ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы. NEGE. Рейс Катовицеден сағат 10:30-да ұшып, Атырауға 19:20-да жетеді. Жанармай құйғаннан кейін Алматыға 00:30-да келеді деп күтілуде. ҚР СІМ мәліметінше, осы ұшақпен 175 қазақстандық оралады. Екінші репатриациялық рейс 1 наурызға жоспарланған. Катовицеден 02:15-те шығып, Атырауға 11:35-те келеді. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан азаматтары үшін Польшаның Катовице қаласында үш репатриациялық рейс ұйымдастырылады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді