Украинадағы қазақстандықтар Алматыға жеткізіледі

Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі бүгін түнде жеткізіледі. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежай баспасөз қызметі мәлім  етті.

 

Алматы, NEGE. «Қазақстандықтар отырған әуе кемесі Катовице қаласының уақыты бойынша сағат 10:30-да Атырауға ұшып шығады. Алматыға түнгі сағат 00.30-да келеді деп күтілуде. БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады»,- деп хабарлады әуежай баспасөз қызметі.

Ведомства мәліметінше, екінші репатриация рейсі 1 наурызға жоспарланған.

28 ақпанда Қазақстан азаматтарын шығару бойынша «КС 2203» бірінші рейсі Атырау қаласынан Катовице қаласына (Польша) Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:53-те ұшып кетті. Әуе кемесінің типі – А321, сыйымдылығы – 179 орын.