Украинада төтенше жағдай режимі жарияланды

Украинада төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Алексей Данилов хабарлады.

Алматы. NEGE. Оның айтуынша, аталған режим 30 күнге созылады. Бірақ қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Сонымен қатар, ол төтенше жағдай режимінің әр аймақтағы ахуалға қарай жеңіл немесе қатаң болатынын жеткізді.

«Бұл елдімекеннің Беларусь пен Ресей шекарасына қаншалықты жақын орналасқанына байланысты», - деді Данилов.

Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі басшысының айтуынша, мұндай шара елдегі тыныштықты сақтау үшін қабылданып отыр. Және ол украиналықтардың қалыпты өміріне еш әсер етпейді деп сендірді.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?