Украинада соғыс басталғалы 243 бала көз жұмды

446 бала жарақат алса, 139 бала үшты-күйлі жоғалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE.  Бұл туралы президент Владимир Зеленский мәлімдеді. Бірақ Украина басшысы қаза тапқан және жарақат алған балалардың саны ресми мәліметтен әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады. Себебі, үкімет Ресей қарулы күштері басып алған аудандардағы жағдайдан бейхабар.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей 200 мың баланы өз аумағына күштеп алып кеткен, бұл - кішкентайлардың Украинаны ұмытып, отанына оралуға мүмкіндік бермеу мақсатында жасалып отырған саясат.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді