Украинада Рада депутатын өлтіріп кетті

Жоғарғы Радаға "Доверия" тобынан өткен депутат Валерий Давиденконың Киевтегі жеке кеңсесінен денесі табылды. Бұл туралы "Страна.ua” басылымы халық депутаты Илья Кивуға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы, NEGE. Давиденконың өлімі туралы ақпаратты өзінің Telegram каналында Рада экс-депутаты Игорь Мосийчук те растады.

Печер ауданының Үлкен Васильковская 4 көшесіндегі үйден тазалықшы әйел Давиденконың зорлық-зомбылықпен өлтірілген денесін тапқан. Тәртіп сақшылары сол ғимараттан атыс қаруын тауып алған.
 
Валерий Давыденко  Украина парламентіне Чернигов облысындағы 208-округтен сайланған.  Ол өзін-өзі ұсынған және "Сенім" депутаттық тобының мүшесі болған.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды