Украинада орман өрті өршіп тұр

Украинадағы орман өрті өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Киев облысы мен Житомир облысындағы тілсіз жауды ауыздықтау үшін 1800-ден астам маман мен 300-ге жуық техника жұмылдырылды.

Алматы, NEGE. Чернобыль атом электр станциясы маңындағы өрт те толығымен өшпей тұр. Мамандардың айтуынша, өңірде қатты жел тұрғандықтан қызыл жалын өршіп барады. Осы аптада өрт радиоактивті қалдықтар сақталатын «Подлесный» жеріне жақындап қалған еді. Естеріңізге салайық, өрттің шығуына 27 жастағы Раговка ауылының тұрғыны айыпталып отыр. Белгілі болғандай, күдікті бұрын сотталған екен. Өзі болса бұған дейін 3 мәрте қураған ағашты өртегенін мойындады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды