Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қазіргі уақытта Украинадағы Қазақстан елшілігінде жедел желі жұмыс істеп тұр.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Украинадағы Қазақстан елшісі Дархан Қалетаев айтты. Таңнан бері жедел желіге 100-ге жуық қоңырау түскен екен. "Мүмкіндігінше Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кетуге немесе қауіпсіз жерге орналасуға кеңес береміз. Дабыл ескертулерге мән беріп, сақ болуға шақырамыз”, – дейді елші.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Украинада қазір 600-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Дүмпу Қазақстан елшілігінен алыс жерде болған. Бұдан бөлек елшінің сөзінше, шаһарда байланыс нашар және кей аудандарда жарық сөнген. Егер эвакуация болған жағдайда елшілік Польша арқылы Украинадан шығуға жоспар құрып отыр.

жедел желі: 380 67 347 0408

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті