Украинада қауіпті дерт күшейді

«Украинада вирустық пневмония белең алып барады. Аурудың ең көп анықталып жатқан жері, елдің батысындағы Тернополь аймағы. Қазірдің өзінде бұл дерттен 6 адам көз жұмған» деп хабарлайды ТСН телеарнасы.

Алматы, NEGE. Украиндық дәрігерлер аталмыш дертті тек өткен жылдың аяғында, осы жылдың басында ғана анықтаған. Ауру ошағы деп есептеліп отырған Тернопольде қазір жүздеген адам арнайы дәрігерлік бақылауда жатыр. Тернопольде үш адам, Житомирде үш адам көз жұмған. Бес адам ауыр хәлде жансақтау бөлімінде.

Аурудың белгілері – қалтырау, құрғақ жөтел, жоғары дене қызуы. Дәрігерлердің байқауынша, 25 пен 49 жас аралығындағы кісілер көптеп шалдығып жатқан көрінеді. Адамдардың бұлай жаппай дертке ұрынуын дәрігер-ғалымдар он жыл бұрынғы «шошқа тұмауына» ұрыну оқиғасына ұқсатып отыр, ол кезде 400 украин азаматы көз жұмған еді.

Қазір оқып жатыр

Вице-президент институты: басты фавориттер кімдер?

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты