Украина індеттің үшінші толқыны басталғанын жариялады

Украинада коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 10 мың адамға жуықтады. Күніне 260-тан аса науқас дерттен көз жұмады.

Алматы, NEGE. Билік індеттің үшінші толқыны басталғанын жариялады. Елдің 5 облысы күшейтілген карантин режиміне қайта оралды. Украинаның батыс аймағындағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты 13 наурыздан бастап атақты «Буковель» тау шаңғы курорты жұмысын тоқтатты. Ивано-Франковск облысында ковид науқастарына арналған төсек тапшылығы байқалады, сондықтан 120 орынға арналған қосымша мобильді госпиталь құрылған. Киевтегі жағдай да мәз емес, мұнда тәулігіне вирус мың адамнан анықталған, жүзден астам адам емханаға жатқызылды. Денсаулық сақтау министрі «жалпы мемлекеттік локдаун қайта орнауы мүмкін» деп мәлімдеді.

Украинаның денсаулық сақтау министрі Максим Степанов: "Эпидемиологиялық ахуалы нашарлап, қауіпті қызыл деңгейге енгізілген облыстарға қатаң карантин қайтып келді, сондықтан қазір жағдай біздің бақылауымызда. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтағанымыз жөн, қызыл деңгейге облыстардың 50-70 проценті өткен болса, жалпы мемлекеттік локдаунды қайта енгізу қажет", - деді.

 Дей тұрғанмен, қаладағы көңіл көтеретін орындар шартты карантин ережелерін сақтай бермейді. Сағат 23:00 жабылуы тиіс кафе, бар мен түнгі клубтар жұмысын таңға дейін жалғастыруда. Айталық, қаланың қақ ортасындағы мына бір түнгі клубқа біз түнгі он бірден кейін де оңай кірдік, бір қызығы кіреберістегі күзетші телефон камерасын стикермен жабуды қадағалап тұрды. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті