Украинада бірқатар саяси партияның қызметі тоқтады

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс кезеңінде кейбір партиялар жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Украинаның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі кең ауқымды соғысты және кейбір саяси құрылымдардың мемлекетпен байланысын ескере отырып, әскери жағдай кезінде бірқатар саяси партиялардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады», – деді Зеленский. 

Атап айтқанда, соғыс кезеңінде «Оппозиционная платформа – За жизнь», «Партия Шария», «Наши», «Оппозиционный блок» партиялары жұмысын тоқтатты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді