Украинада 14 мың адам қаза тапқан

2014 жылдан бүгінге дейін Украинаның шығысындағы қақтығыстан 14 мың адам қаза тапты.

Алматы, NEGE. Бұл туралы президент Владимир Зеленский кезекті түнгі жолдауында мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей қазір бүкіл әскери күшін Донбасс аймағына шоғырландырып жатыр. Зеленский Батысты Кремльге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Елдің шығысындағы қақтығысқа Батыс лайықты жауап бермеді. Сондықтан да Ресей үлкен ауқымда соғыс қимылдарын жасауға  болады деген шешімге келді. Ресейге қарсы бұдан да қатаң санкциялар қабылдау қажеттігі қазір қызу талқыланып жатыр. Бірақ бәрі қызыл кеңірдек болып дауласып жатқанда, Ресей біздің жерімізде Еуропа Екінші дүниежүзілік соғыста ғана көрген қырғынды қайталауы әбден мүмкін. 50 күннен бері жалғасып келе жатқан соғыс Ресейдің түпкі мақсаты – Донбассты толық талқандау екендігін көрсетіп отыр. Донецк және Луганск аймақтарында адамдардың орнында тек қана тастар қалуы мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін