Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ

ҚР СІМ  Иранда апатқа ұшыраған Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

 Алматы, NEGE. «Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, Украина әуе акомпаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр», – деді Айбек Смадияров.

Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, бүгінгі таңда Иранда Қазақстан Республикасының 174 азаматы тіркелген. Осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлағандығын хабарлаған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен