Украина Түркиядан қолдау сұрады

Украинаның Түркиядағы елшілігі Анкараны 'қиын уақытта' Киевке қолдау көрсетуге шақырды. Бұл туралы дипломатиялық миссияның Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Алматы, NEGE. Дипломаттар Ресейді Украинаға қарсы соғыс бастады деп айыптап, Түркиядан көмек сұрады.

"Біз стратегиялық серіктесіміз Түркия мен достас түрік халқын осы қиын уақытта бізді қолдауға шақырамыз", — деді елшілік.

Сондай-ақ, Зеленский Байденмен келіссөз жүргізгенін, қазір АҚШ халықаралық көмек көрсетуге дайындалып жатқанын жеткізді.