Украина спортшысы Қытайда көз жұмды

Мәнерлеп сырғанаушы Николай Бондарь Қытайдың Сучжоу қаласында қайтыс болды. 29 жасар спортшы инфаркт алып, ұйқысынан оянбай қалған.

Алматы, NEGE. Бұл туралы skating.com.ua. сайтына сілтеме жасап, iz.ru хабарлады.

Николай Бондарь 2008 жылы мәнерлеп сырғанаудан Украинаның қола жүлдегері атанған.

Дәл осы жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Кейін жаттықтырушы ретінде жұмыс жүргізген. Соңғы жылдары ол Қытайдың жаттықтырушылар құрамының сапына кірген екен.

Спортшымен қоштасу 19 ақпан күні Киевте өтеді. Ол мамыр айында 30-ға толар еді.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді