Украина Ресейге ұсыныс жасады

Украина Кремльге «Азовсталь» зауытының жанында келіссөз жүргізуді ұсынды.

Алматы, NEGE. Бұл нысан – Ресей әскері басып алған Мариупольдегі ең соңғы бекініс. Ресми Мәскеу аталған ұсынысқа әзірге жауап бермеген.

Алексей Арестович, Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі:

– Мариуполь қаласындағы жағдай өте ауыр. Біздің әскеріміз ол жақта бейбіт тұрғындарды қорғап жатыр. Мыңнан астам адамның арасында қариялар мен балалар бар. Біз ресейліктерге «Азовсталь» зауытының тура іргесінде арнайы келіссөз жасауды ұсындық. Мұндағы мақсатымыз – бетпе-бет отырып, оларды Пасха кезінде оқ атуды дереу тоқтату туралы келісімге келуге, гуманитарлық дәліздер құруға және сарбаздарымызды Ресейдің тұтқынға түскен барлық әскеріне айырбастауға шақыру.  

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін