Украина Ресей кітаптарына НЕГЕ тыйым салды?

Украина бір жылдың ішінде Ресейден келетін 1 миллиондай кітапқа тыйым салды.

Алматы, NEGE. Украина Телерадиохабартарату жөніндегі мемлекетттік комитеті 2019 жылы Ресейден шамамен 1 млн дана кітаптың тасымалдануына тыйым салды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Комитеттің мәлімдеуінше, тыйым салудағы себеп – кітап мазмұнының Украинаға қарсы болуында. Сондықтан арнайы комиссия бұл кітаптардың Украина аумағында таралуына рұқсат бермеді.  

Сондай-ақ, ведомство 2171 басылымның құжаты дұрыс болмаған соң елге жеткізілуіне қарсы болды. Соған қарамастан, украиндық билік 2019 жылы Ресейдің баспа өнімдеріне 4,5 мың рұқсат берген.

2016 жылдың соңында Украинаның экс-президентрі Петр Порошенко «Украинаға қарсы мазмұндағы шетелдік өнімдерді» мемлекетке тасымалдауды шектеу туралы заңға қол қойған еді. 2017 жылдан бастап  Украинаға баспа өнімдерін әкелу үшін міндетті түрде Телерадиохабартарату жөніндегі мемлекетттік комитеттен рұқсат алуы тиіс. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

27 наурызда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Вице-президент институты: басты фавориттер кімдер?

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?