Украина президенті Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

Зеленский Украина қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, Ресейдің сеператистік аймақтардың егемендігін мойындауға қатысты бүгін арнайы үндеу жолдайтынын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Ол осының алдында АҚШ президенті Джо Байденмен және Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен телефон арқылы тілдескен. Сондай-ақ Зеленский бүгін Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен сөйлеспек. Бұдан басқа, Украина Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді өтінгелі отыр. Бұған дейін АҚШ, Канада мен Жапония Ресейге жартылай өткізгіштер сияқты озық технологиялар экспортына шектеу қоюды жоспарлауда. Санкциялар легіне Австралия да қосылатынын жариялады. Байден ДХР мен ЛХР-мен сауда-саттық жасауға және инвестиция беруге тыйым салды. 

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр